“Еңбек шартын жасаңыздар!” республикалық акциясының өту барысы талқыланды

2018 жылдың 5 сəуірінде Оңтүстік Қазақстан облысының Кəсіподақтар орталығының ұйымдастырумен Түлкібас ауданында кəсіподақтың қазіргі жағдайы мен дамуы жəне “Еңбек шартын жасаңыздар!” атты республикалық акцияны талқылау жəне насихаттау жөнінде зиялы қауыммен, кəсіпкерлермен жəне бастауыш кəсіподақтармен кездесу өткізілді.

Кездесуде ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының еңбек инспекторы М.Баяндиев, ОҚО білім жəне ғылым қызметкерлері кəсіподақ комитетінің төрайымы З.Маханова, ОҚО мемлекеттік мекемелері, банк жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кəсіподағының төрайымы К.Есебаева, Мəдениет, спорт жəне ақпарат қызметкерлерінің салалық кəсіподағының ОҚО бойынша филиалының төрағасы Б.Пірімбетов, ОҚО Жеке кəсіпкерлік қызметкерлерінің салалық жергілікті кəсіподағының төрағасы Т.Сарыбаев, ҚР Құрылыс кешені жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіподағының ОҚО бойынша филиалының төрағасы А.Манахов, ОҚО ауыл шаруашылығы кешені қызметкерлерінің жергілікті кəсіподағының төрағасы Б.Қуандықов қатысып, атқарылған жұмыстары жайлы баяндама жасады.

Сонымен қатар, еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық шарт жасау, еңбек қорғау жəне қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңестер кездесу барысында қызу талқыланды.