Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасуда

Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен біріккен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы еңбек ұжымдарының рөлі» тақырыбында жиын өтті.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Қ.Байгебаев, облыстық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, белсенділері қатысты.