ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ жетекшілерімен кездесті

2018 жылдың 5 сәуір күні Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Серік Құсайынов өңірдегі кәсіподақ жетекшілері және белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында депутаттар ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын насихаттап, жаңа мүмкіндіктерді кәсіподақ мүшелеріне толыққанды түсіндіріп, олардың жұмыс істеу механизмін баяндады.

Жиында қатысушылар тарапынан депутаттарға бірқатар ұсыныстар айтылды, оның ішінде білім беру саласының қызметкерлерінің жалақысын өсіру, халықтың көп шоғырланатын жерлерде қауіпсіздіктің күшейтілуі, еңбек шартының міндеттілігі және басқа да маңызды мәселелер бар.

Өз кезегінде халық қалаулылары барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріп, ұсыныстар бойынша жұмыс атқаратындарын айтты.