Атырау облысында Татуластыру орталығы ашылады

Бүгін Атырау облыстық соттың және Атырау облысы кәсіподақ орталығының арасында дауларды және жанжалдарды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту мақсатында өзара бірлескен іс-қимыл жасауға және кәсіподақ орталығының ғимаратында Татуластыру орталықтарын ашуға келісіп, тиісті меморандумға қол қойылды.

Татуластыру орталығы үшін ғимараттың ішінен бөлме бөлініп, келісім бойынша 1 айдың ішінде жөндеумен тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.