Қызылорда облысында азаматтық бастамалар конгресі өтті

2018 жылдың 6 сәуірінде Қызылордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша облыстық азаматтық бастамалар конгресі өтті. Конгреске мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, маслихат депуттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар облыстың кәсіподақ белсенділері қатысты.
Конгресс жұмысын арнайы мониторингтік топ басшысы Анар Ізден жүргізіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы, «Нұр отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Төрағасының орынбасары алғысөздер сөйледі.
Конгресте арнайы мониторинг топ мүшесі, облыстық кәсіподақ орталығының бас маманы Майра Боранбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жайында баяндама жасады.
Конгресте жемқорлыққа қарсы тұрудың шаралары талқыланып, алда тұрған мақсаттар мен міндеттер нақтыланды. «Туған жер», «Асыл мұра – орда» және «Самұрық» қоғамдық бірлестіктерімен Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.