«Қауіпсіз еңбек» аймақтық бағдарламасы қаралды

18 сәуірде Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар дайындау мақсатында жұмыс тобын құру, «Қауіпсіз еңбек» аймақтық бағдарламасы мәселесі, еңбек және кәсіподақ мерекелеріне арналған акциялар, «Кәсіподақ-тазалық» акциясы және тағы басқа да мәселелер қаралды.