“Кәсіподақ – тазалық” акциясы

2018 жылғы 21 сәуір күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «Кәсіподақ – тазалық» акциясын өткізді.

Акцияға Федерацияның басшылық құрамы мен қызметкерлері, сондай-ақ,  салалық кәсіподақтар өкілдері қатысты. Тазарту акциясы Кәсіподақтар федерациясының ғимараты маңайындағы аумақта жүргізілді. Аталмыш акция нәтижесінде ғимараттың маңайы тазартылып, әсем көрініске ие болды.

Осы акция Қазақстанның барлық өңірлерінде қолдау табуда.