Тазалық сақтау – ортақ міндет

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында “Кəсіподақ – тазалық” республикалық акциясы жалпы облыстық сенбілік өткізілді.

Сенбілікке Оңтүстік Қазақстан облысындағы бүкіл 16 салалық кəсіподағы, мемлекеттік органдары, бастауыш кəсіподақ ұйымдары, кəсіпорындары бірігіп, бір мезетте шықты. Жалпы сенбілік облыс көлемінде 353 мекемеде өткізілді.

Республикалық акция аясында жасыл желектер отырғызылды.