Қызылорда облысының кәсіподақтары қала тазалығына үлес қосты

Қызылорда облысында “Кәсіподақ – Тазалық” акциясы аясында сенбілік өтті.

Қызылорда облысының кәсіподақтары 21 сәуір күні сенбілікке шығып, қала тазалығына үлес қосты. Кәсіподақтар Үйі жанындағы алаңды тазалап, есік алдына гулдер екті. Осы акцияға облыстың барша кәсіподақ ұйымдары аудандарда, әрбір ұжымдарда атсалысты. Таза ауа, таза қала үшін ағаштар егілді.

Акция ұжымның бірлігіне, корпоративтік рухты нығайта түсуіне септігін тигізері анық.