Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы жанданады

2018 жылғы 24 сәуір күні Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мекемеде жаңартылған бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, аталған мекеме ұжымы қызметкерлерінің жұмыс тәртіптері, еңбек жағдайлары жайлы сөз қозғалды. Кездесу нәтижесімен алдағы уақытта еңбек ұжымында кездесу өткізілетін болып келісілді.