Мәселелер оң шешімін тапты

25 сәуірде кәсіподақ мүшелерінің сұрауы бойынша Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығында «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кеңейтілген кәсіподақ комитетінің отырысы өтті.

Жиналысқа «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян, «Қаражанбасмұнай» АҚ Президентінің орынбасары Б.Шелпеков, Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары  Е.Мустафина, Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы  Қ.Жанабеков, кәсіподақ мүшелері қатысты.

Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының араласуының арқасында ұзақ уақыт реттеле алмай келе жатқан мәселелер өз шешімін тапты. Бір ай уақыттың ішінде «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезектен тыс конференциясы өтеді.