Басты міндет – жұмыла жұмыс жасау

26 сәуір күні Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев облыстық орталықтан 300 км-ден астам жерде орналасқан «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің «Қожасай» газконденсатты кен орнына жұмыс сапарымен барды.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС – Ақтөбе облысы мұнай өндіруші сектордың ірі компанияларының және әлеуметтік пен корпоративтік жауапкершіліктегі беделді көшбасшылардың бірі.

Сапар аясында Кәсіподақтар орталығының төрағасы компания қызметкерлерінің вахталық кентте тұру деңгейімен, тамақтануы және жұмыс орындар ұйымдастыру жағдайымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша 300-ден астам бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, 2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясын жаңғырту жол картасының негізгі бағыттары, еңбек заңнамасындағы өзгерістер бөлігінде Өндірістік кеңестер, техникалық инспекторлар және келісім комиссиясы жөнінде, өндірісте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға бағытталған шараларды қамтамасыз етуді айтып түсіндірді.

Компанияда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат жөнінде, оның ішінде ұжымдық келісім-шарт негізінде әлеуметтік пакет туралы толық түрде компанияның кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғ.Әбілғазин  баяндады.

Кәсіподақтарды жаңғыртуға байланысты жүргізіліп жатқан жұмысына кәсіподақ ұйымының мүшелері толық қолдайтынын атап, жалпы Компанияның басшылығымен кәсіподақ арасындағы орнаған тығыз байланысқа ризашылығын білдірді.