Салалық келісімнің негізгі ережелері талданды

2018 жылдың 26 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Сатқановтың, ҚР Энергетика министірлігі, БҚО Кәсіподақтар орталығы, «KAZENERGY» Ассоциациясының әлеуметтік еңбек қатынастары департаменті  және  мұнай-газ саласындағы жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен Салалық келісімнің негізгі ережелері бойынша семинар-жиналыс өткізілді.

Жиналыста мұнай-газ саласындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестік бойынша салалық комиссия жұмысы, сондай-ақ “Казмұнайгаз” АҚ” ҰК ұйымының әлеуметтік саясат бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстары және әлеуметтік әріптестіктегі кәсіподақтардың рөлі тақырыптары талқыланды.