2018 жылдың 28 сәуірінде Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай Ақтөбе облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларының семинар-кеңесіне қатысты. Аталған зауыт алыс және жақын шетелге экспортталатын жоғары сапалы хром қосындыларын шығаратын Қазақстандағы жалғыз химиялық кәсіпорын.
А.Әмірғалиев зауытың басқарма төрағасы А.Химичпен және кәсіподақ ұйымының 100 астам мүшелерімен кездесу барысында еңбекті қорғаудың маңызды мәселелерін талқылады.
Кездесу соныңда, Ақтөбе облысының кәсіподақтар орталығының атынан бір қатар Компания қызметкерлеріне жарақаттанудың алдын алу және еңбекті қорғау саласындағы белсенді жұмысы үшін Құрмет грамоталар табыс етілді.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне арнап зауыт жұмысшылар балаларының сурреттер конкурсы өткізілді.
Өз кезегінде зауыт басшылығы әлеуметтік-еңбек қатынасындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қолдау көрсеткен үшін облыстық кәсіподаққа жоғары баға берді және алғысын білдірді.
Аталған іс-шара «2017 жылғы еңбекті қорғаудың үздік техникалық инспекторы» байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.