Тікелей байланыс бар!

“Алматы облысының кəсіподақтар орталығы” аумақтық кəсіподақтар бірлестігі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кедергісіз “КЕРІ БАЙЛАНЫС” орнату шарасын жалғастыруда.

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Алматы облысында жарияланған “Кəсіподақ күні” аясында жоспарға сәйкес бастауыш кəсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізілді. Кездесулерге облыстық еңбек инспекциясы басқармасының еңбек инспекторлары да қатысты.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – халықаралық еске алу күндерінің күнтізбесінде 1996 жылдан бері пайда болғандығы, кəсіподақтар мен қоғамдық ұйымдар жұмыс берушілерді еңбек жағдайларын жақсартуға, экологиялық таза технологияларды енгізуге, жұмыс орындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақталуы бойынша сөз қозғалды.

Сонымен қатар 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық  пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылғандығы, елімізде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұрғандығы туралы пікірлер айтылды.

Бұл мерекенің мақсаты –  ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.

Шара соңында кəсіподаққа сіңірген еңбектері бағаланған бірталай қызметкерлер марапатталды. “Кəсіподақ күні” əлі де аудан, қалаларда жалғасын табатын болады.