Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігімен жəне Оңтүстік Қазақстан облысының кəсіподақтар орталығымен бірлесе 28 сəуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай “Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі” атты семинар өтті.

Семинар барысында еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері, “Еңбек шартын жазаңыздар!” атты республикалық акциясы бойынша жұмыскер мен жұмысшының міндеттері мен құқықтары талқыланды.

Сондай-ақ, “Казатомпром – SaUran” ЖШС  мен “Шымкентцемент” АҚ  еңбекті қорғау жəне еңбек қауіпсіздігін сақтау мəселесі бойынша өз  тəжірбиесімен бөлісті. Сонымен қарай, семинар аясында еңбек қауіпсіздігінің құрал-саймандары, арнайы киім формаларының көрмесі өткізілді. Семинар аясында “Үздік қауіпсіз кəсіпорын” номинациясы бойынша “НИМЭКС ТРАНС” ЖШС-і директоры Б.Мырзабаев, “Шымкентцемент” АҚ бас директоры В.Кайзер, “Мадлен-KZ” ЖШС-і өкілі Л.Назипова, “Облыстың еңбек қорғау саласындағы үздік еңбекті қорғау инженері” номинациясы бойынша Облыстық опера жəне балет театорының Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша инженері А.Сарбасов, “Шымкент сыра қайнату зауыты” ЖШС – нің инженері Н.Дуйсембаев, “Ақ Маржан LTD” ЖШС- нің техникалық жетекшісі А.Усенов, “Үздік еңбек қорғау қызметі” номинациясы бойынша “Химфарм” АҚ директоры Р.Байгарин, “Петро Қазақстан Ойл Продактс” ЖШС департамент дирекиоры Н.Досымбеков, “Қазатомпром – SaUran” ЖШС бас техникалық жетекшісі Б.Жолдыбаев, “Үздік техникалық инспекторы” номинациясы бойынша Қазақстандық білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының еңбек жөніндегі маманы Б.Қилыбай марапатталды.