Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының және Атырау мұраған мекемесінің басшыларымен және ұжыммен кездесу болды

28 сәуірде өндірісте зардап шеккен адамдарды еске алу, яғни Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналып мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің  салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы  Ш.Г.Абилов, еңбек инспекциясының  бөлім басшысы С.Н.Джаббасов , ұлттық сараптама орталығының маманы Досқалиеваның қатысуымен 4 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының және Атырау мұраған мекемесінің басшыларымен және ұжыммен кездесу болды.

Сонымен қатар, арнайы өлшеуіш құрылғыларымен кеңсе қысымы, ауадағы зиянды бөлшектер, электр магнит толқындары өлшенді. Нәтижесінде мекемелерде еңбек қауіпсіздігі заңға сәйкес ұйымдастырылғандығы анықталды.