Әлеуметтік әріптестік – ықпалды күш

Үстіміздегі жылдың 3 мамырында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер кестесі аясында Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығының басшылығы Ақтөбе облысының «Юбилейный» кен орнын игеріп жатқан «AltynexCompany» акционерлік қоғамына барды.

Кездесу барысында кәсіподақ ұйымының қызметіне жағдай жасау және әлеуметтік әріптестік аясында қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің өзара іс-қимылын жақсарту мәселелері талқыланды.