Ердің атын еңбек шығарады

2018 жылдың 5 мамырында қоғам қайраткері, қарапайым  халықтың және жұмыскерлердің мүддесін және құқығын қорғаушы, кәсіподақ ұйымының құрметті ардагері, бұрынғы ОҚО кәсіподақтар кеңесінің меңгерушісі Керімбеков Өмірбек Керімбекұлының «Ғибратты ғұмыр» атты кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Өмірбек Керімбекұлының Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіподақ қозғалысының тарихы, кәсіподақ дамуына атсалысқан тұлғалар және басшылар жөнінде жазылған.

 Сонымен қатар, осы күні 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне жəне 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика қызметкерлерінің кəсіподағы облыстық спартакияда ұйымдастырылды.