Кәсіподақ көшбасшысы Амин Елеусиновтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы туралы ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

ҚР Кәсіподақтар федерациясы сот органының Oil Construction company ЖШС  мұнай-сервис компаниясы қызметкерлерінің кәсіподағы төрағасы Амин Елеусиновты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешімін қуанышпен қарсы алды.

2017-2018 жылдары ҚРКФ ҚР Жоғарғы Сотына, ҚР Бас прокуратурасына  және ҚР Ішкі істер министрлігіне еліміздің заңнамасына сәйкес А.Елеусинов пен Н.Құшақбаевты түзету мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесін шешу туралы бірнеше рет өтініш жолдаған болатын.

Сонымен қатар, осы кәсіподақтың еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев бұрынғыша түзету мекемесінде жазасын өтеуде.

Амин Елеусиновтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы Қазақстан Республикасы заңнамасындағы жазаны ізгілендіру мәселесі бойынша оң үрдістің бастамасы болатындығына сенімдіміз.

Осындай қадамдар қоғамда оң баға алады және жаңа құқық мәдениетінің қалыптасуына, еліміздің әр азаматына ізгі қатынастардың оң дәстүрін құруға жәрдемдеседі.

ҚРКФ басқа кәсіподақ белсендісі – Нұрбек Құшақбаевты түзету мекемесінен босату үшін бар күшін жұмсайды.