Кәсіподақтар әлеуметтік әріптестермен бірлесе Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтады

Кәсіподақтар әлеуметтік әріптестермен бірлесе Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтады. Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлері, теміржол саласында жылдар бойы еңбек еткен ардагерлер- Жанасов Талжан, Тұрсынбаев Берден, Колесник Любовь Сергеевна, Төлеген Жунусовке жеңіс күнін жақындатқан ерліктері үшін құрмет көрсетіліп, «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің  салалық кәсіподағы»  Қызылорда облыстық филиалы атынан мерекелік сый-сияпаттар табысталды.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге мерекелік құттықтаулар жасалды. Құрметке бөленген Құлманов Бөрібай және Мақсұт Сырғалиев есімді сырбойылық қарт жауынгерлер Ұлы Отан Соғысы кезеңдерінен естеліктерімен бөлісті.  Ардагерлерге Қызылорда облысы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіподағы атынан мерекелік тартулар табысталды. Ардагерлер елге тыныштық пен ұрпақтарға бейбіт күн тілесті.