Бірлігі жарасқан ел озбақ

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы төраға орынбасары Тумышев Нұри Лазарұлы мен Маңғыстау облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков екі мекеме арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум ҚР Президентінің қайта жаңғырту мен ең жоғары құндылығы адам болып табылатын әлеуметтік мемлекетті құруға бағытталған ауқымды институттық реформаларды өткізуге арналған мемлекеттік бағытын қолдай отырып, Кәсіподақ орталығы мен Партия Елбасының бастамаларын бірлесе отырып атқаруға уәделесті.