Ауыл шаруашылығы – маңызды сала

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 11-12 мамыр күндері облыстық 4-ші малшылар слеті өтті.
Слетке қатысушылар мал шаруашылығы жұмыстарымен танысып,  “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары туралы” тақырыбында семинарға қатысты.
Облыстық малшылар слетінің ресми шарасында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі және Республикалық ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Ә.Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, сала озаттарын марапаттады.
Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы мал шаруашылығының  ел экономикасындағы үлесі азайып кетсе де, оның маңыздылығы бұрынғыша зор екендігін атай келе, малшыларға тәжірибе алмасу алаңына айналған слетті келер 2019 жылы республикалық деңгейде өткізуді ұсынды.