Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығы нормативтік нормалар щеңберінде, бастапқы кәсіподақ ұйымын құру және кәсіподақ қатарына жұмысшылар тарту бойынша нақты жұмыстар атқарып келеді.

Осылайша, 2018 жылдың 15 мамырында, Ақтөбе облысы Кәсіподақ Орталығының бас маманы “Синопэк Қазақстан Халықаралық Мұнай Сервис Компаниясы” ЖШС-нің Ақтөбе филиалы қызметкерлерінің жиналысына қатысты.

Кездесу барысында, бастауыш кәсіподақ ұйымын құру және «Кәсіпкерлердің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалына қосылу туралы  шешім қабылданды.

“Синопэк Қазақстан Халықаралық Мұнай Сервис Компаниясы” ЖШС-де 500-ден астам адам жұмыс жасап, мұнай мен табиғи газды өндіруге техникалық қолдау көрсетеді.