Атырау облысы Кәсіподақтар орталығында медиация кабинеті ашылды

Атырау облыстық соты мен Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы арасында жасақталған Меморандум шеңберінде Кәсіподақтар орталығы ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Ашылу салтанатына азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Комиршинов, татуластыру рәсімдері бойынша үйлестіруші –

судья Гүлмира Исамберлиева, Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Гүлжан Джумагалиева, аумақтық кәсіподақ орталығының төрағасы Саламат Елеманов, кәсіби медиаторлар Рысты Қалиева, Гүлбаршын Марданова, Марина Мухтарова, БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде, алқа төрағасы Манат Комиршинов медиация институтын одан әрі дамыту мақсатында соттардың медиаторлармен, кәсіподақ бірлестіктерімен өзара ынтымақтастықты дамытуға бағыт ұстанғанын атап көрсетті.

Кәсіподақтар орталығының төрағасы Саламат Елеманов медиация кабинетінің ашылу мақсаты дауларды сотқа дейін реттеуді жан-жақты дамытып, халыққа жанжалдарды реттеу бойынша қызметтер кешенін көрсету болып табылатынына тоқталды. Сондай-ақ, аталған кабинеттің ашылуы облыс тұрғындары үшін даулы мәселелерді реттеудің оңтайлы шешімі болатынын көрсетті.

Медиаторлар бұл жұмысқа белсене қатысуға дайындықтарын білдірді.

Шара соңында қатысушылар алға қарай бірлесе қызмет атқару бойынша ұсыныстар келтірді.