Еңбек қатынастары – қоғам өмірінің ажырамас бөлігі

17 мамыр күні Қызылорда қаласында «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлесігі ұйымдастыруымен “Еңбек дауларын қараудағы Келісу комиссиялары жұмысының тәжірибелік сұрақтары” тақырыбында семинар өтті.

Семинарға салалық кәсіподақ құрамындағы мұнай-газ саласы мекемелерінің келісу комиссиясы мүшелері, кәсіподақ төрағалары жіне мекеменің жауапты мамандары қатысты. Семинарда заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрғалиева Еңлік Нұрғалиқызы тақырып бойынша түсіндірме жасап, сұрақтарға жауап берді.

Семинарды салалық кәсіподақ төрағасы Қалиев Сұлтан Есімұлы қорытындылап, қатысушыларға Сертификаттар тапсырды.