Құрылысшылардың кәсіби шеберлігі республикалық байқауы өтті

Қызылордада құрылысшылардың кәсіби шеберлігі республикалық байқауы өтті. Шараны Астана қаласының 20 жылдық және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында Қызылорда облысы әкімдігі және республикалық Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты – қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жұмыскер мамандығын насихаттау болып табылады.

Республикалық байқауға 12 облыстан және Астана, Алматы қалаларынан құрылысшы мамандар қатысты. Құрылысшылар Сырдарияның сол жағалауында бой түзеген Қызылорда қаласының жаңа аудан құрылыс нысандарында өз біліктіліктерін сарапқа салды. Байқау қорытындысымен Атыраулық Ниязов Айжарық “Үздік қалаушы” номинациясы иегері және Қарағандылық Дерксен Нина “Үздік сылақшы” номинациясы иегері болып танылды. Жеңімпаздарға және байқаудың барлық қатысушыларына марапаттар мен сыйлықтар табысталды.