Батыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру жиыны өткізілді

БҚО Кәсіпкерлер палатасының және Кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен жұмыс берушілерге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.

Жиынға БҚО Кәсіподақтар Орталығы, Еңбек инспекциясы, жұмыс берушілер өкілдері қатынасты. Бас қосуда БҚО Кәсіподақтар Орталығының төрағасы әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиясымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған 2018-2020 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасымен таныстырды.

Бағдарлама өңіріміздегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты жұмыс берушілердің назарын өндірісте болатын қайғылы оқиғаларды азайтуға, жол бермеуге және өндірісте жарақат алудың алдын алу жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатындағы шараларды қамтиды. Сондай-ақ отырыста еңбек инспекциясы өкілдері қатысушыларға қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме берді.