Ұжымдық шарт – ұтымды әдіс

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Серік Сағитжанұлы Сермағамбетовтың «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Қалиев Сұлтан Есімұлымен бірге «Қазгермұнай БК» ЖШС кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесуі өтті. Мұнай кеніші орнындағы кездесу барысында кәсіподақтар мекемедегі жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысып, ұжымдық шарт аясында жасалып жатқан жұмыстар барысы ортаға салынды.

Сонымен қатар, аумақтық кәсіподақтар және Республикалық мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіподағы арасында салалық кәсіподақ құрамына жаңадан кірген Қызылорда облысындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құрылу-ұйымдастырылу мәселелері және салалық келісімге сәйкес атқарылатын шаралар талқыланды.