Маңызды мәселелер қаралған отырыс

17 мамыр күні Қызылорда қаласында «ҚР Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің салалық Кеңес отырысы өткізілді.

Отырысқа Кеңес мүшелері, Халықаралық BWI ұйымы өкілі, Екатеринбург қаласының құрылысшылар кәсіподағы өкілі және Қызылорда облысының кәсіподақтары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде еңбекті қорғаудағы әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасау, сала қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру бойынша құрылымдық бөлімшелер мен мүшелік ұйымдардың жұмыс тәжірибесі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясын жаңғыртудың 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру бойынша жұмыс жоспары мәселелері қаралды.