«Сыбайлас жемқорлық» – қауіпті құбылыс

Бүгін Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы еңбек ұжымдарының рөлі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға облыстағы кәсіподақ төрағалары және кәсіподақ белсенділері қатысты.

Семинарда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың негізгі бағыттары» бойынша хабарлама жасалып, талқыланды.

Семинар қатысушылар назарына жемқорлыққа бой алдырған азаматтардың жазалану жағдайлары мен жемқорлық фактілері жайлы бейнебаян ұсынылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумға қол қойылды.