Өзара ынтымақтастық жалғасады

22 мамыр күні «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Сарыбаевтың және “Алматы облысының кəсіподақтар орталығы” аумақтық кəсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ə. Қыдырмановтың қатысуымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі болды.

Сонымен қатар, Алматы облыстық білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары, Алматы облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қатысып, цифрландыру жөніндегі, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі және «Рухани жаңғыру» шеңберіндегі жобалар бойынша өзара ынтымақтастық меморандумға салтанатты түрде қол қойды.