Мейірімділік айы

Алматы «Парасат»  кәсіподағы студент жастардың ортасында көптеген рухани іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Діни экстремизм, тероризмге қарсы семинар тренингтер өткізіліп отырады.

Осы бағдарламалар барысында, барлық кәсіподақ комитеттері студент жастардың арасында,  көптеген қайырымдық іс-шараларын өткізуде. Соның бірі Рамазан айында ауызашар өткізді. Мерекеде студенттерге, белсенді кәсіподақ жастарына тегін дастарқандар жайылды. Биылғы Рамазан айы жаздық емтиханмен тура келді, осыған орай, әсіресе ата-анасы жоқ, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға  көмек көрсетілуде. Бұл іс-шара барлық оқу-орындарында өз жалғасын табуда. Бұл жобаларымыз өз нәтижелерін көрсетіп отыр.