«БИККОР» ЖШС кәсіподақ активімен кездесу өтті

Бүгін, 25 мамыр күні Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов пен облыстық кәсіпкерлер кәсіподағының төрағасы Н.Мурзағалиев «БИККОР» ЖШС кәсіподақ белсенділерімен кездесті.

«БИККОР» компаниясы 13 жылдан астам уақыт бойы мұнай-газ компанияларына тазалау және қызметкерлерін тамақтандыру қызметін көрсетіп келеді. Аталған Компанияда 500-ден астам адам қызмет етуде, олар бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері болып табылады.

Кездесу барысында кәсіпорындағы ұжымдық шартты сақтау, келісу комиссиясының жұмысы, жалақыны көтеру мәселелері талқыланды, және де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясын жаңғыртудың 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының отырысында қарау үшін Компания өкілдерінің бірқатар ұсыныстары қабылданды.