Заң үстемдігін қамтамасыз ету қажет

Бүгін, яғни 25 мамыр күні Жамбыл облыстық сотында «Сотқа беретін талап арыздар мен шағымдарды жазу бойынша ұсыныстар» деген тақырыпта облыстық және қалалық соттың судьяларының, облыстық кәсіподақ ұйымдарының заңгерлерінің, қорғаушылардың және облыстық жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Жамбыл облыстық сотының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл жиында азаматтардан немесе олардың мүддесін қорғайтын заңгерлерден, сол сияқты жұмыскерлердің еңбек қатынастары бойынша заңды мүддесін қорғайтын кәсіподақ ұйымдарынан және жұмыс берушілерден сот органдарына түсетін талап арыздың мазмұнына және оған қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сараланып, талданды.

Пікірталас барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облысы бойынша ұйымы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Б.Баймағамбетовтың қойған сұрақтары көпшілік талқысына түсті. Жиынды қорытындылаған Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі аппеляциялық алқасының төрағасы Ж.Рүстембеков мұндай жиын алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратынын тілге тиек етті.