Кәсіподақтар күні кеңінен аталып өтпек

Оңтүстік Қазақстан облысында “Кәсіподақтар күніне” арналған мерекелік іс-шаралар басталды.

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының 10-маусым “Кәсіподақтар күні” мерекесін атап өтуге арналған арнайы іс-шаралар жоспарына сәйкес 23.05.2018 жылы Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы Ш.Қалдаяқов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармония ғимаратында 150-ден астам кәсіподақ мүшелерінің қатысумен “Кәсіподақтар күні” салтанатты түрде аталып өтті.

Мерекелік іс-шараны Оңтүстік Қазақстан облысның кәсіподақтар орталығының орынбасары С.Әуесханов ашып, Облыстық кәсіподақтар орталығының Құрмет грамотасымен Жұмақұл Есімхан Ералыұлы – №70 жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрағасы, Мирюсупов Зиеджан Анарматович – №104 жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрағасы, Тулегенова Салтанат Ходжа-Мамедовна – «Қуаныш әлемі» балабақшасының құрылтайшысы, Налибаева Гульнара Шариповна – № 109 жалпы орта мектебінің директоры, Суяркулов Давлатбек Дехканбаевич – №53 жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрағасы марапатталды. Сонымен қатар, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен- 6 кәсіподақ мүшесі, «Алтынсарин» белгісімен – 2 кәсіподақ мүшесі, Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен – 12 кәсіподақ мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихаттың Құрмет грамотасымен -3 кәсіподақ мүшесі, Шымкент қалалық маслихаттың Құрмет грамотасымен – 4 кәсіподақ мүшесі, «Кәсіподақ көшбасшысы» дипломдарымен – 3 кәсіподақ мүшесі, «Нұр-Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Алғыс хатымен 3 кәсіподақ мүшесі және 4 номинация бойынша – 12 кәсіподақ көсбасшылары марапатталды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.