Еңбек даулары оңтайлы шешіліп келеді

Маңғыстау облыстық әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Аманғалиевтың төрағалығымен үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Жиынға облыс прокурорының м.а. Е.Тұрмағамбетов, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қ. Жанабеков, «Манғыстаумұнайгаз» АҚ, «Oil Services Company» ЖШС өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Oil Services Company» ЖШС еңбек дауы қарастырылды. «Oil Services Company» ЖШС жұмысшылар тарапынан қойылған талаптары талқыланды. Бірінші талап бойынша Т.Сахиев жұмыстан босатылды. Екінші талап бойынша а.ж. 22 мамырдан бастап «Oil Services Company» мекеме үшін 5/50 бағдарламасы тоқтатылды.

Келесі талаптар бойынша жұмыскерлердің саны 2829 адамға бекітілді, үшінші помбур жұмысқа алынып бригадалар толықтыру жөнінде мекеме басшысы міндетіне алды.

Сенімгерлікті басқару жөнінде, тариф мәселесі және мораторийды ашу жөніндегі сұрақ «ҚазМұнайГаз» АҚ мен CNPC басшылығының қарауына ұсынылды. Үшжақты комиссияның келесі отырысы «ҚазМұнайГаз» АҚ мен CNPC басшылығының қатысумен өтеді.

Үшжақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмысшылар тарапынан қойылған 14 талаптын 7-і шешілді.