Жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Ақтөбе облысы Кәсіподақ Орталығында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Жұмыс тобынның отырысын Кәсіподақ Орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов басқарды.

Отырыс барысында қатысушылар еңбек қатынастары саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан Республикасы Заңының жеке баптары бойынша бірқатар ұсыныстар жасақталды, және олар Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясына қарау үшін бағытталады.