“Сенім”-ге сай серпін

Бүгін Атырау облыстық аурухана ұжымымен кездесу болып, Кәсіподақтар федерациясының Жол қартасы, кәсіподақтардың жұмысын жетілдіру жөнінде, “Сенім”денсаулық сақтау салалық кәсіподағының өзгешілігі түсіндірілді.

Кәсіподақ мүшелерімен қызу талқылау болып, сұрақтарына жауап берілді. Еңбек ұжымы сол жиналыста бүрынғы салалық кәсіподақтан шығып, “Сенімге” кіру жөніндегі мәселені дауысқа салып, шешім қабылдады.

Сондай-ақ, 23 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесу болды. Көптеген сұрақтар туындады, неге ондай дәуір болып жатырғандығына жауап беруді талап етті. 2 сағатқа созылған кездесуде барлық мәселелер талқыланды. Қатысушылар алынған жауаптарға риза болды.