Құқықтық сауаттылықты арттыру – басты талап

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 25 мамыр күні өз қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамалардағы өзгерістер бойынша құқықтық оқыту жүргізді.

Аталған шараға Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығынан төраға орынбасары Б.Қараулов, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы М.Туғанбаев және Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының бөлім басшысы С.Кемелова қатысты. Оқыту барысында басқарма қызметкерлеріне өз жұмыстарына қатысты заңнамалардың қолданылу ерекшеліктері егжей-тегжейлі түсіндіріліп берілді.

Аталған ұжым өз кезегінде бастауыш кәсіподақ ұйымы ретінде «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Жамбыл облыстық филиалының құрамына кіретінін ескерсек, қызметкерлер тарапынан кәсіподақ өкілі Б.Қарауловқа ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына және кәсіподақтар қызметі жайлы көп сұрақтар қойылды. Кездесу соңында көкейде жүрген сауалдарға толық әрі мардымды жауап алған ұжым мүшелері мамандарға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта мұндай үрдісті тұрақты түрде жалғастыру қажет деп тарқасты.