Ақтөбе облысы Кәсіподақ орталығында Татуласу орталығы ашылды

Ақтөбе облысы Кәсіподақ орталығында «Медиатор және Кәсіподақ – еңбек қақтығыстарының дұрыс шешім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, Ақтөбе облыстық сотының және Ақтөбе облысы Кәсіподақ орталығы арасында қол қойылған Меморандум шеңберінде Кәсіподақ орталығының ғимаратында Татуласу орталығын ашу рәсімі өтті.

Ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Қанапиев Ермек Кенжетайұлы, Кәсіподақ орталығының төрағасы Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы, сондай-ақ Ақтөбе қаласының судьялары, кәсіби медиаторлар, нотариустар, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар қатысты.

Татуласу орталығының мақсаты – қоғамдағы қақтығыстарды азайту бойынша дауларды шешуді жүзеге асыруы,оның ішінде халықты еңбек дауларын шешу бойынша қызметтер кешенімен қамтамасыз ету.

Азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Е.К. Қанапиев сөз сөйлеп, сот төрелігін реттеу институттарын дамытуда, қоғамдағы қақтығыстарды азайтудағы татуласу орталығының ерекше орнын айтып кетті.

Кездесу соңында дөңгелек үстелдің қатысушылары қазіргі кездегі бірқатар қызықты сұрақтарға жауап берді, медиаторлар осы жұмысты белсене атсалысуға дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ кәсіподақ орталығының төрағасы А.А. Әмірғалиев Татуласу орталығының ашылуымен құттықтап, барлығына сәттілік тіледі.