31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жиын өтті

Бүгін, Алматы қаласында, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арнап, осы зұлмат жылдары шынайы бейнеленген «Ана» ескерткішіне гүл шоқтар қою рәсімі өтті.

Осы шара барысында Қала әкімі Бауыржан Бәйбек осы қасіретті нәубетте шейіт болған құрбандарының рухтарына арнап «бір минуттық үнсіздік» жариялады. Ескерткіште жазылған Елбасының «Тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған ашаршылық ешқашан ұмытылмақ емес» деген сөзін Бауыржан Бәйбек өз сөзінде де атап өтіп, «Дархан да дана халқымыз осындай алмағайып тұсында да береке-бірлігін жоғалтпады. Тағдырдың кезінен, жамұқтың өзінен жарып шықты. Жер аударылып, тағдыр тәлкегіне түскен өзге жұртты да бауырына басты. Ел еңсесін езіп, ынтымағын ыдыратпақ болған тоталитаризм мұңын ғана шектелмей қуғын түсірген салдарынан қаншама шаңырақ шайқалып, түтіні түсірілді…» деп жалғастырды.

Осы рәсімде, жиналған қауыммен қоса Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығының Төрайымы Зәуреш Өмірбаева және кәсіподақтар белсенділері тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бүгінгі іс-шараның жалғасы ретінде, барлық жиналған қауым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Тәуелсіздінің 25-жылдығына орай 2016 жылдың желтоқсанында ашылған Алматы мұражайына болып, ал соңынан Орталық мешітте құрбандық шалынып, ас берілді.

Саябақтағы аштықтан бұратылған сәбиін құшақтаған ананың қайғылы бейнесі бүтіндей бір ұлттың қасіретті тарихын жыл сайын 31 мамыр күні еске салып тұратын болады.