Бірлікке үндеген кәсіподақ

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы 2018 жылдың 30 мамырында 10 маусым – Кәсіподақтар күніне орай салтанатты шара өткізді.

Салтанатты шараға облыстық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, кәсіподақ белсенділері, президиум мүшелері, кәсіподақ ардагерлері және облысымыздың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шара Елбасының «Халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы жаңа бес әлеуметтік бастамалары» тақырыбындағы облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Есекенованың сөз сөйлеуінен басталды. Шара барысында қатысушылар кәсіподақ мүшелерінің құқықтық қорғалуы, олардың әлеуметтік тұрғыдан лайықты қамтамасыз етілуі, денсаулығын сақтау мен еңбек дауларының алдын алу мен оларды шешу жолдары жөнінде мәселелер кеңінен талқылады. Жиында БҚО Кәсіподақтар Орталығының төрағасы құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысының дамуы мен нығайтуына қомақты үлес қосқаны үшін кәсіподақ белсенділерін Кәсіподақтар Орталығының «Алғыс хатымен» марапаттады. Сондай ақ белсенділер облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамоталарымен марапатталып, шара мерекелік сазды әндерге ұласты.