Кәсіподақтар күніне орай семинар-кеңес өтті

Кәсіподақтар үйінде Қазақстан Кәсіподақтар күніне орай Маңғыстау облысының білім беру ұйымдары қызметкерлеріне және кәсіподақ активіне арналған семинар-кеңес өтті.

Жиналысқа Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайым орынбасары А.М.Мұқашева, Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Қ.Қ.Жанабеков, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Т.А.Байымбетова және кәсіподақ мүшелері қатысты.

Білім беру ұйымдарында еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің рөлі талқыланды.