Маңызды мәселелер талданды

Бүгін Алматы облыстық кәсіподақ орталығында Мұнай-газ кешенінің салалық кəсіподағының төрағасы С. Қалиевпен кездесу болды.

Кездесу барысында облыстағы мұнай-газ саласындағы кәсіподағының жұмысын жандандыру мəселесі талқыланды.

Сонымен қатар, облысқа Білім жəне ғылым қызметкерлері салалық кəсіптік одағының төрайымы М. Амантаева келіп, облысқа қарасты Алматы қаласының маңайында орналасқан аудандардағы білім саласының қызметкерлері жайлы облыс əкімінің міндетін атқарушы Л. Тұрлашовпен кездесу өтті. Сондай-ақ, Талдықорған аумақтық білім саласындағы қызметкерлерінің активі өтті.