Қызылордада Кәсіподақтар Үйі ғимаратында «Сенім жәшігі» орналастырылды

«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы аясында Қызылордада Кәсіподақтар Үйі ғимаратында «Кәсіподақтар еңбек қатынастарын заңдастыруды қолдайды» ақпараттық парақшасымен «Сенім жәшігі» орналастырылды.

«Сенім жәшігіне» азаматтар «конверттегі» жалақы төлену жайлы, жұмыс берушінің еңбек шартын жасамауы жайлы хаттарын қалдыра алады. Сонымен қатар, ақпараттық парақшада көрсетілген Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы мен Қызылорда облысының мемлекеттік еңбек инспекциясының «Жедел желі» телефондары арқылы хабарласып, заңды құқықтарын қорғай алады.

Осындай «Сенім жәшігі» Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттарында да орналастырылады.