Дара тұлғаның дара жолы

5-ші маусымда еліміздің абзал азаматы, ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кеңейтілген Ғылыми Кеңесі және ҚР ҰҒА Төралқасы Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлының 80-жылдық мерейтойына арналған салтанатты мәжілісі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратында өткізілді.
Мәжіліске ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрынов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері, республикамыздың жоғарғы оқу орындарының ректорлары, Алматы қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысы әкімдерінің, Қазақстан жазушылар одағының өкілдері мен белгілі мемлекет және қоғам қайреткерлері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қоғамдық және гуманитарлық ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысты.

Салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау хаты оқылды.

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор Ғ.Қ. Кенжебаев Академик К.Н.Нәрібаевтың өмірі мен қызметі туралы баяндамамен сөз сөйлеп, одан соң, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, ҚР Мәжіліс төрағасы Н.З.Нигматуллиннің, ҚР Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың құттықтау хаттарын Т.О. Балықбаев оқып мерейтой иесінің иығына шапанын жапты.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықованың, ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің атынан құттықтау хаттарымен ҚР ҰҒА президенті Ж.М.Жұрынұлы сөз сөйледі.

Мәжілісте, ҚР Парламенті Мәжіліс пен Сенат депутаттарынан және облыс әкімдері атынан келіп түскен құттықтау адрестері мен жеделхаттары оқылды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының атынан Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығының төрайымы Зәуреш Өмірбаева қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Көпжасар Нәрібайұлының еңбек жолында міндетін абыроймен атқарып, жұртшылықтың шынайы алғысы мен құрметіне бөленіп келе жатқан тұлғасы екенін айта келіп «Білім беру жүйесіндегі жарқын жолыңыз – өскелең ұрпаққа жақсы үлгі әрі өнеге. Ұстаздан шәкірт озу керек дегендей, шәкірттерінің арасынан жарып шыққан өзіңіз сияқты көрнекті ғалымдар мен белгілі басшылардың бірі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының атынан, Сіздің 80 жасқа толу мерейтойыңызға арнап шәкірттік алғысын білдірмекпіз» – деп Төраға атынан алғыс хаты мен гүл шоғын ыстық ілтипатымен сыйлады.