Кәсіподақ: жаңғыру және жаңару жолында

«Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық ұйымы Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шара өткізді. Шара аясында Сырдария аудандық кәсіподақ ұйымының әдістемелік кабинеті және «Рухани жаңғыру» кабинеті, «Жалын» балалар тынығу лагерінің жұмыстары таныстырылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестер Сырдария аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті екі жақты салалық келісімге қол қойды. Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Серік Сағитжанұлы Сермағамбетов және облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрайымы Райкүл Мансүрқызы Байназарова құттықтау сөз сөйлеп, мерекеге орай кәсіподақ белсенділерін марапаттады.

Мерекелік шара «Жолдау жолымен – білім биігіне» Сырдария аудандық кәсіподақ жастары үгіт-насихат бригадасының шығармашылық тартуларымен аяқталды.