Қызылордада кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шаралар аясында Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде кәсіподақ мүшелерімен және аудандағы бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларымен кездесу өтті.

С.Сермағамбетов кездесуде қатысушыларды мерекемен құттықтап, еңбек қатынастары және кәсіподақтардың қоғамдағы ролі аясында пікір алмасты. Кездесу барысында Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымы қолдауымен жабдықталған Сырдария аудандық кәсіподақ ұйымының әдістемелік кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.