«Үздік мемлекеттік қызметшілер отбасы династиясы» байқауы

Ақтөбе облысы Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов облыстық салалық кәсіподақ комитеті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастырған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері отбасы династиясы байқауының қомиссия мүшесі болып қатысты.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшінің мәртебесін көтеру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік қызметті насихаттау.

Байқау шарты бойынша отбасында кемінде 3 мемлекеттік қызметші болатын мемлекеттік қызметші қатысады. Комиссия қарауына портфолио ұсынылады. Байқау жеңімпаздарын аңықтау мақсатында, комиссия ұсынылған материалдарды қарап, «Үздік мемлекеттік қызметшілер отбасы династиясын» аңықтады.